Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қазақ халқының дана ұлы Сіздің ғажайып парасатыңызбен пайымыңыз , ұлтжандылығыңыз, еліңізге, туған жеріңізге деген көзқарасыңыз өсіп келе жатқан жас ұрпақтар үшін үлгі өнеге. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері Елбасымыз ретінде сіз халқыңызды сара жолмен абыройлы бастап келдіңіз. Сіздің атқарған орасан зор еңбектеріңіздің арқасында еліміздің Денсаулық сақтау саласы бүгінгі күнде қарштап дамып келеді. Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт ұраны сіздің әрбір жолдауыңызда өзекті мәселе болып келді.
Әлемдік озық тәжірибелерді пайдаланып Жастардың денсаулығын қорғауға ерекше назар аудардыңыз. Егемен ел болғалы Сіздің тапсырмаңызбен атаулы сала кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресте оң нәтижеге қол жеткізе білдік. Осы сынды онкологиялық дертпен күресті үдете түсу міндеттеледі. Цифрлық жүйеге көшу арқылы, «қағаз қолданбайтын ауруханаға», яғни медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырдыңыз.
Жалпы сіз халықтың денсаулығы мен болашағы үшін талмай қызмет етіп зор еңбек сіңірдіңіз.
Сіздің шешіміңізді қабылдай отырып еліміздің дамуына әлі де үлкен үлес қосып халық ұшін қорған болатыныңызға сенімдімін.Сізге зор денсаулық отбасыңызға амандық жұмысыңызға табыс тілеймін.
Құрметпен, ШҚО Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері К.С Оскенбаев