Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасында 13.06.2019ж орталық саябақта медицина қызметкерлері күніне орай спартакиада өткізілді. Спорттық шараның басты мақсаты – қоғамның назарын салауатты өмір салтын ұстануға аудару және спорттың маңыздылығын насихаттау. Мерекенің салтанатты ашылуы сап түзеуден, әділқазылардың таныстырылымы мен музыкалық жаттығудан басталды. Шараға 9 команда қатысты . Командалар әртүрлі спорт түрінен, оның ішінде, үстел теннисі, шахмат, дойбы, жүгіру, қол кұрес, мини футбол, волейбол, баскетбол және арқан тартудан бақ сынасты. Сайыс қатысушыларын мерекемен «Спорт – бұл өмір» музыкалық нөмірімен «Ақ көгершін» би тобы құттықтап келді. «Спорт берік, мықты, күшті, қуатты, төзімді болуға көмектеседі. Қандай да бір спорт түрімен жүйелі түрде шұғылдану адамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Спорт үнемі біріктіреді, физикалық шыдамдылықтың деңгейін арттыруға ықпал етеді. Спортпен шұғылданатын адамда үнемі физикалық тұрғыдан мықты, күшті ерік болады. Ауруханада медициналық қызметкерлер арасында жыл сайын осындай іс-шаралар өткізіліп тұрады», себебі халықтың денсаулығын нығайту мақсатында жеткілікті дене белсенділігін ұстануды көрсететін медицина қызметкерлері имиджінің рөлі маңызды. Жарыстың қортындысы бойынша жалпы коллектив бойынша Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының емхана бөлімі бас жүлдені , Тұғыл ауылдық аурухана І орын, Қабанбай ауылдық дәрігерлік емхана ІІ орын, жетіарал ауылдық дәрігерлік емхана ІІІ орынды жеңіп алды. Сайысқа қызығушылық танытып, қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Ұйымдастырушылар келесі жылы спартакиаданы ауқымды түрде өткізуді жоспарлап отыр.