Білім, біліктілік, мейірім, еңбек, адалдық, Бұл дәрігер бойында болатын қасиеттер. Бірақ бұның бәрінен дәрігерге қажет ең негізгі қасиет –шыдамдылық. Күштеп дәрігер жасай алмайсың. Медицинаға тек жүрек қалауымен келген адамдар ғана мамандыққа адал болып қалады. Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімінің меңгерушісі бірінші санатты акушер гинеколог Мырзабеков Бауыржан Мырзабекұлы дәл осындай өз ісіне адал дәрігерлердің бірі. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының тумасы өзгеден ерек мақсаты мен талабы таудай азамат 1999ж орта мектепті бітіріп ,1999ж-2001ж аралығында Өскемен қаласындағы медициналық колледжге түсіп фельдшер мамандығын тәмәмдаған соң, 2002ж-2005ж аралығында өзінің туған жеріне келіп жедел жәрдем бөлімінде фельдшер болып қызмет атқарады. 2005жылы қыркұйек айында өзінің бала кезден армандаған мамандығын игеру үшін Семей қаласындағы медициналық академиясына түсіп 2011жылы акушер-гинеколог дәрігер мамандығын алып шығады. 2011 жылы кіндік қаны тамған Тарбағатай жеріне келіп өзінің адал еңбегімен ауданның медицина саласының дамуына бір кісілік үлесін қоссам деген мақсатпен еңбек жолын перзентхана бөлімінде акушер-гинеколог болып жаңадан бастайды. Мырзабекова Бауыржан Мырзабекұлы осы жылдары өңірдегі халық санының артуына, дені сау балалардың дуниеге аман есен келіп , әрбір отбасында шаттық пен қуаныштың, бақыт пен байлықтың тасуына дәнекер болды. Оның алтын қолынан 9 жылдың ішінде 4200 бала дүниеге келген.талай әйелге кесер тілігін жасап қаншама адамның өмірін сақтап қалды. Атап айтсақ ол Ақсуат , Зайсан сияқты көрші жерлерде орналасқан ауруханаларға бір неше мәрте барып шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайы ауыр жүкті әйелдерге кеср тілігін жасап ана мен баланың өмірін бірдей сақтап қалуда өз үлесін қосты. Біз бұнымен мақтанамыз! Мырзабеков Бауыржан Мырзабекұлынан неліктен осы мамандықты таңдадыңыз ?медицинаны таңдағаныңызға өкінбейсізбе? Дегенімізде ол кісі бізге былай деп жауап берді : мен медицинаны оның ішінде акушер гинеколог мамандығын таңдағаныма ешқашан өкінбеймін себебі қандай жұмыс жасасаңда өз мамандығыңды сүйіп және азамат ретінде туған халқыңа еңбек ете алсаң бұл өмірдегі ең улкен бақыт деді. Мырзабеков Бауыржан Мырзабекұлы 2011жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй алып, отбасын құрып, шаңырақ көтерді. бүгінгі таңда бір ұл бір қыздың әкесі, үлгілі отбасы, аяулы жары Тоғжан Қ.Билялов атындағы гимназияда ағылшын пәнінің мұғалімі . азаматымыздың еңбегімен қоса жеткен жетістіктері де аз емес ,ол 2011жылдан бастап талай мәрте аудан әкімінен, нур Отан партиясынан,кәсіп одақ ұйымынан алғыс хаттар мен құрмет грамтасына ие болса 2016жылы облыс әкімі алғыс хатымен,2019жылы ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың мақтау грамтасымен мараппаталды. Мырзабеков Бауыржан Мырзабекұлы өз сөзінде , бүгінгі таңда елімізде ауылдағы медицинаны дамытуға қатты көңіл бөлінуде. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының шапағатын көрген жастар көп. Солардың бірі менмін. Университетті тәмамдап, туып-өскен жеріне қызмет етуді көздедім. Осы тұста «Дипломмен ауылға» бағдарламасы маған көп көмегін тигізді. Еңбек ақыда жоғары мұнда жас отбасылы мамандарға өте қолайлы жағдай жасалған,мәселен ауылға жұмысқа келген маманның отбасы толықтай жұмыспен қамтамасыз етіледі,балалары кезекке тұрмай ақ бала бақша орналастырады. тұрғын үй алу үшін 3,8 мл тг көлемінде өсімсіз несие сонымен қоса 200000тг көлемінде қайтарымсыз көтерме жәрдем ақы беріледі. Жоғарғы және орта оқу орындарын тамамдаған жас мамандардың алғашықы қадамын ауылдан бастағаны дұрыс, мен жастарды ауылға шақырамын ,біздің халқымыздың денінің саулығы жас мамандардың қолында деді .