Тарбағатай ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері К.С Өскенбаев ,Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Е. Сабырбаевпен бірге 12.07.2019ж сағат 11:00 де тұғыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу кезінде ауыл тұрғындары :Н.Дюсупова , Б.Зелейова ,Б.Жуашева,М.Рустемова,Б.Какшева,Г.Мухамадиева, Г. Қабдолллаева, А.Уахитов қатарлы тұрғындар күн тәртібіндегі мәселе бойынша сұрақтарын қойды, К.С Өскенбаев қойылған әрбір сұраққа заңдылыққа сай жауап қайтарып тұрғындарға төмендегідей ақпаратты жеткізді.
«Тарбағатай ауданының ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК Тұғыл ауылында РПН бойынша 4728 халық тіркелген. Тұғыл ауылдық ауруханасы бойынша Д-есепте 651 науқас тіркелген,аталған науқастар 2019 жылы 11 млн 226 мың теңгенің дәрісімен толықтай қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Тұғыл ауылдық ауруханасындағы 10 төсектік тәуліктік стационар (5 терапия, 5 балалар) жұмыс істеп тұр. 2019 жылдың 6 айлық қортындысы бойынша 10 төсектік тәуліктік стационардың 3 терапия төсегі, балаларға арналған 1 төсегі жұмыс істемей тұр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы ( ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.04.2019 өзрерістер мен толықтырулар енгізілген) негізінде науқастарға тәуліктік стационарға қарағанда күндізгі стационарда медициналық көмек көрсету жағы науқастарға қолайлы.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының 20.06.2019ж №301 бұйрығы негізінде Тұғыл ауылдық ауруханасындағы 10 төсектік тәуліктік стационардың орнына (5 терапия, 5 балалар) 7 төсектік күндізгі стационар ашылу жоспарланып отыр. 25.06.2019 жылы жоғарыда аталған бұйрықтың негізінде заңдылыққа сай 1 ай бұрын ішкі бұйрық шығарылды. Штат нормативке сәйкес белгіленеді. Штаты қысқартылған қызметкерлер толықтай жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Ауруханадағы 10 төсектік тәуліктік
стационардың орнына ашылған 7 күндізгі стационарлық төсек Тұғыл ауылының тұрғындарына толықтай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде (ГОБМП) ешқандай өзгеріссіз медициналық көмек көрсететін болады.
Акжар, Тұғыл ауылдарындағы жедел жәрдем бөлімдері(скорая) 01.03.2019ж бастап обылыстық жедел жәрдем станциясының қарамағына өттіп,штат құрамы еш өзгерісіз бұрынғыдай жұмыс істеп жатқанын атап айтып өтті.
Сөз соңында бас дәрігер К.С Өскенбаев жиналған тұрғындардан әлеуметтік желіге өз ой пікірі мен сұрақтарын қалдырар алдында нақты ,жауапты адамдардан алынған ақпараттарды жазуды сұрады.