Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасында арнайы отбасын жоспарлау бөлмесі, аптасына 3 рет жұмыс істеп тұр. Кабинетте бірінші санатты акушерка Сабиева Рысжан Азатовна, жүктілікті жоспарлаумен жүктіліктің бастапқы кезеңінен босанғанға дейінгі, өзін-өзі күтініп, дені сау ұрпақ дүниеге аман есен әкелу мақсатында жас отбасылар арасында іс шара жүргізілуде. От басын жоспарлау кабинетінің жұмысы туралы. 1. Жүктілікті жоспарлау мәселелері және жүктіліктен сақтану заманауи әдістері мәселелері бойынша уақытылы ақпараттандыру және кеңес беру. 2. Жүктілікті ойланып еркін жоспарлау 3. Жүктілік пен босану арасындағы уақыты 2-3 жыл ағымында үйлестіру 4. Отбасында балалар санын анықтау Ол келесі мақсаттарды жүзеге асырады 1. Ана, бала және жасөспірім денсаулығын қорғау 2. Жағымсыз жүктіліктің алдын алу, бедеуліктің алдын алу, емдеу, ЖИТС/АИТВ емдеу 3. Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабарбар ету және кеңес беру (жүктіліктің, сақтанудың сенімді әдісін таңдауға көмектеседі) Отбасын жоспарлаудың қажеті 1. Қалаулы дені сау балалар туу үшін 2. Әйелдердің денсаулығын сақтау үшін 3. Өмір сүру мақсатын жақсарту үшін