Ең жақсы инвестиция-білім. Бенджемин Франклин. Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері К.С Өскенбаев Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау тиімділігін арттыру бағдарламасы аясында 2019 жылғы 29 қыркүйек пен 26 қазан аралығында Лондонда, Ұлыбританияда өтетін Денсаулық сақтауды басқару саласындағы шетелдік клиникалық бақылаулардың 4 апталық бағдарламасына қатысуға ресми шақыру алып оқуға кірісті. Халықаралық клиникалық бақылау бағдарламасын Global Conferences Ltd компаниясы King ' s College Hospital NHS Foundation Trust қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Бақылау бағдарламасы дәрістерді, оқу сабақтарын және дискуссияларды ауруханалық экскурсиялар мен кездесулермен ұштастыра отырып құрылған. Сонымен бірге Акушер гинеколог Б.М мырзабеков және акушерка И.М Қанаева,неанотолог педиатр дәрігер Ж.Қ Исалинова, медбике Ж.Мухамадиевалар Литва еліне барып ,біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша , 2019 жылдың 2 қыркүйегі мен 14 қазаны аралығында "қазіргі заманғы Акушерлік және перинатологияның өзекті мәселелері", "неонаталды ауруларды емдеудегі инновациялық технологиялар", "Акушерлік және ұрықтың құрсақтағы ауруларын УДЗ диагностикасының инновациялық әдістері", "қазіргі заманғы Акушерлік және перинатологияның өзекті мәселелері"тақырыптарына арналған оқуға кірісті. Біздің мамандарымыздың тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларды алуға мүмкіндігі бар екені қуантады. Бөлімшенің барлық процедураларына, консилиумдарға, емханадағы қабылдауларға және тіпті операцияларға қатысады.

Теги других блогов: білім аурухана инвестиция