16.09.2019ж Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Медициналық мекеменің басшысы Өскенбаев Қайрат Сеиткалиұлы" бастаған медицина қызметкерлері сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"атты Жолдаудың басым бағыттарына назар аударды. Халықтың әл-ауқатының құрамдас бөлігі, өмір сүру деңгейінің өсуі болып табылады, ал бұл білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүрудің сапасы мен қол жетімділігі. Келесі жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыру жүргізіледі, онда мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн астам теңге бағытталатын болады. Үш жылдық бюджет шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3 трлн теңге бағытталатын болады. Осыған байланысты Өскенбаев Қайрат Сеиткалиұлы диагностика мен емдеудің тиімді әдістерін енгізу арқылы аурухананың көмек көлемін кеңейтуге ерекше назар аударды. Медициналық сақтандыруды енгізумен жоғары технологиялық медициналық қызметтер ел халқына қолжетімді болады. Бұл ретте әрбір қызметкердің медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды іске асырудағы жауапкершілігі артады. Жолдау аурухана қызметкерлерінде әсіресе кәсіподақ ұйымының кеңесі, зейнетақы аударымдары бойынша қызу үн қосты. Медицина мамандарының жас буыны зейнетақы қорынан тұрғын үй алуға негізгі жарна ретінде қаражатты пайдалануға болатыны туралы айтылған мүмкіндіктер жігерлендірді. Алты баланың анасы, емхана бөлімінің санитары Рахметова Айгул Қыдырмолданова : "балалар мен көп балалы отбасыларды қолдағаны үшін ел Президентіне өте ризамын. Келесі жылы бізді өте жақсы өзгерістер күтіп тұр! Мен сайлауда президент Қасым-Жомарт Токаевқа дауыс бердім! Және өз талдауымды қате жасамаппын" деді шабыттана. Тарбағатай ауданы ауданаралық ауруханасының ұжымы бір шешімге келді - Жолдау бағыттарын орындау бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.

Теги других блогов: аурухана Тарбағатай Жолдау