Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ,адамдардың өмірі үшін күресіп, оларға үміт сыйлаған, алтын қолды хирург,травматолог,тәуелсіз эксперт,білікті менеджер, Өскенбаев Қайрат Сейткалиұлы ұзақ жылғы еңбегі және практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін; Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановтың 2019жылғы 18қарашадағы №640 бұйрығы негізінде "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" құрметті төсбелгісімен мараппатталды. Бұл марапат Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствалық марапаты болып табылады.    Бүгінде ер жасы – елуді еңсеріп отырған, білімі мен білігі толысқан, әрі ұйымдастыру ісіндегі ұшқырлығымен көзге түскен, әріптесіміз және Тарбағатай ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Өскенбаев Қайрат Сейткалиұлын Тарбағатай ауданының ауданаралық ауруханасының ұжымы  атынан  табанды еңбегімен жеткен ,мерейлі қуанышымен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Бұдан да жоғары марапатқа,жетістікке жете беріңіз.